Тазалық бар жерде – береке, денсаулық және жақсы өмір қатар жүреді. Бұл – қазақ халқының «Тазалық – иманның жартысы» немесе «Тазалық бар жерде – денсаулық бар» деген қағидасымен үндесетін, қоғамдағы татулық пен тәртіптің бастауы.
Осы орайда Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қоршаған ортаны қорғауды, инфрақұрылымды жаңартуды және қоғамда экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыруды мақсат еткен ауқымды бағдарлама. Сондықтан да аталмыш бастаманы қолдай отырып, әркім өз ауылының таза да, көрікті болуына үлесін қосқан жөн.
Зинеден МОЛДАҒАЛИЕВ,
Мұқыр ауылының тұрғыны




