Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТАЗАЛЫҚҚА БЕЙЖАЙ ҚАРАМАЙЫҚ!

 Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарап, табиғатты таза ұстап, оның әдемі көрініс беруіне үлес қосу әрбір азаматтың борышы десек те болады. Қазақ халқы "Бірінші байлық - денсаулық" деп денсаулықты күтуге қатты көңіл бөлгені белгілі.

Сол денсаулықтың мықты болуы да тазалыққа қатысты екенін «Тазалық – денсаулық кепілі» деген бір ауыз сөзбен көрсеткен. Деннің саулығы әр адам үшін қалай маңызды болса, тазалық та дәл сондай маңыздылыққа ие болу керек. Иманыңның жартысы болған тазалықты сақтау өз аулаңнан, өзіңнен басталады. Ауладағы қоқыстарды шығару, қоқысты көшеге тастамау, керек емес шөптерден ауланы тазарту сынды жеңіл жұмыстардың өзі ең алдымен табиғатқа, содан кейін ауданның көркеюіне қосқан үлесің болады. Сондықтан тазалыққа бейжай қарамай, айналамызды тазартып, абаттандырумен айналысқан жөн.

Бақтияр НҰРМҰХАНОВ,

Миялы ауылының тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT