Қоршаған ортаны қорғау – табиғаттың жағдайын жақсартуға, табиғи байлықты сақтауға және қоғам мен табиғаттың үйлесімді өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды іс-шаралар жүйесі.
Бұл бағытта мемлекеттік деңгейде де, әр азамат тарапынан да күнделікті жұмыстар атқарылуы тиіс. Осы арқылы қоғамда экологиялық мәдениет қалыптасып, туған жерге деген жанашырлық арта түседі. «Таза Қазақстан» акциясы да осы маңызды бағыттарды көздейді. Оның басты мақсаты – қоршаған ортаны тазарту ғана емес, сонымен қатар халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Бұл бастама әр азаматты туған жердің тазалығына бейжай қарамай, табиғатты қорғауға және қоғамдық тазалықты сақтауға үндейді.
Серік ТҰРЫШ,
Сағыз ауылының тұрғыны



