Жамбыл ауылдық округінде “Мөлдір бұлақ” экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке өтті.
Оған ауыл тұрғындары, бөлім, мекеме қызметкерлері қатысып, ауыл тазалығына үлес қосты. Ойыл бойы сағасындағы Мектепкөл жағалауының 3 шақырымы толықтай тазартылды. Сенбілікке 24 ауыл тұрғыны мен 1 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 1 тонна қоқыс жиналып, тиісті орынға шығарылды. Сенбілікте ауыл жастары мен аға буынның бірлесіп жұмыс істеуі көңілге қуаныш ұялатты. Бәрі бір адамдай жұмылып, туған жердің табиғатын аялауға деген жанашырлықтарын көрсетті. Осындай іс-шаралар тек табиғатты тазалап қана қоймай, адамдар арасындағы бірлікті де нығайтады. “Мөлдір бұлақ” акциясы – “Таза Қазақстан” бастамасының нақты көрінісі. Егер әр ауыл, әр округ осылай өз өзен-көлін, орманын қорғаса, еліміздің экологиясы түзелер еді. Осындай сенбіліктерді жиі өткізіп, оған балаларды да тарта бергеніміз жөн. Өйткені тазалық – тек бүгіннің емес, ертеңгі ұрпақтың аманаты.
Заида СУАТОВА,
Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы


