Жақында Мұқыр ауылында екі айлық тазалық акциясы аясында кезекті сенбілік жұмыстары жасалынды.
Тазалық шарасына қатысушылар Мұқыр ауылдық әкім аппаратының арнайы бекіткен жоспары бойынша барлық мекемелер белсене қатысып, санитарлық-тазарту жұмыстарын жүргізді. Мұқыр ауылы көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына барлық ауылдың тұрғындары да қатысты.
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау, туған жерді таза ұстау әрбір азаматтың басты міндеті.
Өэ тілшіміз



