Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТАЗАЛЫҚ – ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ТАЛАП

«Тазалық – табалдырықтан басталады» деп отбасында үнемі айтып, балдарды таза болуға баулиық. Бұл тек отбасы ошақ қасындағы ғана емес, Отан алдындағы азаматтық міндеттің ажырамас бөлігі екенін бәріміз жақсы білеміз. Күнделікті есіктің алдынан бастап, қора-қопсыны тазалау, қоқыстарды тиісті орынға шығару, реттеу жұмыстары әдетімізге айналған.  Тазалық – тәртіптің бастауы. Аудан – ортақ үйіміз болғандықтан, оның көшелерінің таза болуы әрбір тұрғынның жан-дүниесінің айнасы іспетті. Өз тұрғын үйіңіздің маңын, ауласын, көшесін жинап, шашылған қоқыстарды контейнерлерге тастау арқылы қоршаған ортаның тазалығына атсалысу баршамыздың айнымас міндетіміз десек қателеспесіміз анық.
Жалпы, тазалық мәселесі аудан тұрғындарының барлығына қатысты. Әр азаматты тазалыққа тәрбиелеу отбасынан басталуы тиіс. Әрқайсымыз өзіміз тұратын үй-жайдың айналасын таза ұстап, қалдықтарды шашпай, ұқыпты болсақ, туған ауылымыздың таза әрі көрікті мекенге айналуына титтей де болса үлес қосар едік.
Клара ӘМІРОВА,
 ауыл тұрғыны

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT