Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТАЗАЛЫҚ ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

Қазіргі уақытта елімізде кең қанат жайған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы – жай ғана науқандық іс-шара емес, бұл қоғамның санасын сілкінткен, әрбір азаматтың жауапкершілігін оятқан өте маңызды бастама. 

Бұл акция — өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің ең төте жолы. Біз балаларымызды табиғатты аялауға сөзбен емес, іспен, өз үлгімізбен үйретуіміз керек. Таза ауылда өскен баланың танымы да, болашаққа деген көзқарасы да түзу болады. Сондықтан баршамыз осы ортақ іске бір кісідей атсалысуымыз керек. Ауылымызды таза, жасыл әрі жайлы ету – тек әкімдіктің ғана емес, осында тұратын әрбір тұрғынның перзенттік парызы. 

Табылды ҚҰМАРҒАЛИЕВ,
Миялы ауылдық ардагерлер ұйымының мүшесі

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT