Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТАЗАЛЫҚ ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАТЫНЫ СӨЗСІЗ

Тазалық – әрбір тұрғынның мәдениеті мен туған жеріне деген жанашырлығының айқын көрінісі. Ауылдың таза әрі көрікті болуы тек коммуналдық қызметтердің жұмысына ғана байланысты емес.

 Бұл – барша ауыл тұрғындарының ортақ міндеті. Егер әрбір азамат өзі тұратын аумақтың тазалығына мән беріп, ауласын, көше маңын ретке келтірсе, ауылымыздың ажары одан әрі арта түсері сөзсіз. Қазақ халқында «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» деген нақыл сөз бар. Бұл сөздің мағынасы өте терең. Таза орта – адамның денсаулығы мен өмір сапасының кепілі. Сондықтан қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс.
Толқын БАҚТЫГЕРЕЕВА, 
аудандық қоғамдық кеңес мүшесі

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT