Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТАЗАЛЫҚ СЕНБІЛІКПЕН ШЕКТЕЛМЕЙДІ

 Әр адам өз ауласын, көшесін, туған жерін таза ұстаса, еліміз көркейіп, өмір сүруге жайлы мекенге айналады.

Тазалық тек сенбілікке шығумен шектелмейді. Ол күнделікті өмірден басталады: қоқысты жерге тастамау, ағаш отырғызу, суды үнемдеу, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау. Осындай қарапайым әрекеттер арқылы біз болашақ ұрпаққа таза әрі көркем Қазақстанды қалдыра аламыз. Тазалық бар жерде денсаулық, тәртіп және береке болады.

Сондықтан табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті. Ал, еліміздің көркейіп, гүлденуі әрқайсымыздың тазалыққа деген көзқарасымыздан басталады.

Айжан ТІЛЕКҚАБЫЛҚЫЗЫ, Миялы ауылының тұрғыны

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT