Ауылдың тазалығы – ол тек көше сыпыру емес. Бұл – біздің санамыздың, тәрбиеміздің айнасы деп ойлаймын.Қазір ауылда сенбі сайын сенбілік өтеді.
Себебі тазалық көрген жерде тәртіп те пайда болады. Қайда қоқыс үйілсе, сонда заң да бұзылады. Қайда гүл отырғызылса, сонда бала да әдепті болады.Ауыл таза болса, ауасы да таза болады. Малымыз да ауырмайды, суымыз да лайланбайды. Президентіміз айтқандай, "Таза Қазақстан" ұлттық жобасы ауылдан басталу керек. Үлкен қаладан емес, өзіміздің ауламыздан, көшемізден.




