Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Тазалық – отбасынан басталады

Тазалық – әр отбасынан басталатын игі дәстүр. «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаны таза ұстауға барша азаматты үндейтін маңызды бастама.

Оның аясындағы тазалық жұмыстары тек аумақты көркейту емес, тұрғындардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Отбасында балаларға тазалықты сақтау, қоқысты кез келген жерге тастамау, ауланы таза ұстау сияқты қарапайым әдеттерді үйрету – болашаққа жасалған маңызды қадам. Әр отбасы өз ауласының тазалығына мән берсе, ауылымыздың да ажары артып, қоршаған орта көркейе түседі.

«Таза Қазақстан» – тазалықты бір күндік шара емес, күнделікті өмір салтына айналдыруға шақыратын ортақ бастама. Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне әрқайсымыз өз үлесімізді қосайық!

Клара АБИШЕВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT