Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Тазалық – әрбір тұрғынның мәдениеті мен туған жеріне деген жанашырлығының айқын көрінісі. Ауылдың таза әрі көрікті болуы тек коммуналдық қызметтердің жұмысына ғана байланысты емес.

Бұл – барша ауыл тұрғындарының ортақ міндеті. Егер әрбір азамат өзі тұратын аумақтың тазалығына мән беріп, ауласын, көше маңын ретке келтірсе, ауылымыздың ажары одан әрі арта түсері сөзсіз. Қазақ халқында «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» деген нақыл сөз бар. Бұл сөздің мағынасы өте терең. Таза орта – адамның денсаулығы мен өмір сапасының кепілі. Сондықтан қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Осы ретте Жамбыл ауылдық округінің тұрғындары да «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған сенбіліктерге белсенді түрде қатысып келеді. Әрбір тұрғын өз үйінің ауласын, қора-жай маңын, көшесінің бойын тазалап, ауылымыздың көркеюіне үлес қосуда.

Бірлікпен атқарылған іс әрқашан нәтижелі болмақ. Ауылымыздың тазалығы мен көркеюі – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Табиғатты қорғап, қоршаған ортаны таза ұстау арқылы келер ұрпаққа көрікті әрі жайлы ауыл қалдыру – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Зайда СУАТОВА,

Жамбыл ауылдық округі әкімдігі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT