Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ МІНДЕТ

«Таза – Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылып жатқан сенбіліктерге әр мекеме белсенді түрде қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосуда.

Бұл игі шаралар елді мекендердің көркеюіне, тұрғындардың экологиялық мәдениетінің артуына үлкен септігін тигізеді. Ауыл-аймақтарды абаттандыру, көшелер мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту, жасыл желек отырғызу – баршаға ортақ міндет. Тазалық жұмыстары тек сенбілікпен шектелмей, тұрақты түрде жалғасуы қажет. Өйткені тазалық – тек бір күндік науқан емес, ол әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. 

 Әрбір тұрғын өз ауласы мен айналасына жауапкершілікпен қарап, табиғатты қорғауға атсалысса, еліміз көркейіп, өмір сүруге жайлы орта қалыптасады.

Клара ӘМІРОВА, 

 ауыл тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT