Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ІС

фото видеодан скрин жасалды

 Мұқыр ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Сенбілікке округке қарасты барлық мекеме қызметкерлері белсенді түрде қатысып, өздеріне бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында көше бойлары, қоғамдық орындар, мекеме аулалары мен жол жиектері тазартылып, шашылған қоқыстар жиналды. Сонымен қатар, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ауыл келбетін көркейту бағытында бірқатар абаттандыру жұмыстары атқарылды. Мұндай игі шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, тазалыққа деген жауапкершілігін арттыруға септігін тигізеді.

Таза ауыл – тұрғындарға жайлы орта мен жарқын болашақтың кепілі.  #Тазалық 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT