Тазалық – әр адамның ішкі мәдениеті мен жауапкершілігінің айқын көрсеткіші. Қоршаған ортаның таза болуы тек коммуналдық қызметтердің міндеті емес, ол – баршамызға ортақ іс.
Әрбір азамат өз ауласын, көшесін, қоғамдық орындарды таза ұстауға үлес қосса, қоғамымыз да көркейе түседі. Бүгінде елімізде жүзеге асырылып жатқан түрлі экологиялық бастамалар, соның ішінде “Таза Қазақстан” акциясы – халықты тазалыққа, ұқыптылыққа және табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндейді. Мұндай шаралар тұрғындардың белсенділігін арттырып қана қоймай, өскелең ұрпаққа үлгі болады.
Кәмшат ӨТЕПОВА


