Тазалық – әр адамның өзінен басталатын маңызды құндылық. Таза аула, таза көше, таза ауыл – тұрғындардың жауапкершілігі мен мәдениетінің көрінісі.
Қоршаған ортаны таза ұстау арқылы біз табиғатты қорғап қана қоймай, келер ұрпаққа көрікті әрі жайлы мекен қалдырамыз. Әр азамат қоқысты белгіленген орынға тастап, сенбіліктерге белсенді қатысып, айналасын таза ұстауға үлес қосуы керек. Тазалыққа деген жанашырлық туған жерге деген сүйіспеншіліктің белгісі.
Сондықтан тазалықты сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Кәмшат ЖЕҢІСҚЫЗЫ



