Республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы ауылымызда да қарқынды жүруде. Акция аясында әр сенбі сайын сенбілік өтіп, шараға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еңбек ұжымдарының өкілдері, ауыл жастары атсалысуда.
Жасыл ел сарбаздары ағаш түптерін әктеп, жасыл желектің түптері мен жол жиектерін арам шөптерден тазалады. «Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – үйіміз бен туған жерімізді таза ұстап, қоқыс шашпау, халық арасында экологиялық сауаттылықты арттырып, экологиялық мәдениетті сақтауды үйрету. Демек, ел мен жерге шынайы пайдасын тигізіп жатқан акция¬лардың бірі - «Таза Қазақстан» дер едік. Ерте көктемде бас¬талған тазалық жұмыстары жер-жерлерде әлі күнге ұйымдастырылып келеді. Әлбетте, жыл соңына дейін жалғасын таба бермек.
Сандуғаш ҚАЗИЕВА,
Көздіғара ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы




