Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Тазалық – елге деген құрмет

«Таза Қазақстан» – бір күндік сенбілікпен шектелетін шара емес, ол – әр азаматтың өмір салтына айналуы тиіс игі бастама. Айналамыздың көркейіп, табиғаттың таза болуы әрқайсымыздың жауапкершілігімізге байланысты.

Бүгінде туған жердің тазалығына үлес қосып жүрген жандардың қатары көбейіп келеді. Бұл – қоғамда экологиялық мәдениеттің қалыптасып келе жатқанының айқын көрінісі. Әр отырғызылған көшет, әр жиналған қоқыс – келешек ұрпаққа қалдырылатын жақсы мұра. Таза ауыл, таза көше, таза табиғат – бәріміздің ортақ міндетіміз.

Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасына белсенді қатысып, туған өлкеміздің көркеюіне әрқайсымыз өз үлесімізді қосайық.

Әдемі ҚАБДОЛОВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT