Айналаны таза ұстау – әр адамның өзінен басталатын игі іс.
Тазалық – денсаулықтың кепілі ғана емес, туған жерге деген құрметтің айқын көрінісі. Көшеге қоқыс тастамау, қоғамдық орындарды таза ұстау, ағаш отырғызып, табиғатты аялау – әрбір азаматтың күнделікті дағдысына айналуы тиіс.
Бүгінде елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бастамасы халықты ортақ мақсатқа жұмылдырып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейді. Мұндай игі шараларға белсенді қатысу арқылы біз өскелең ұрпаққа тазалықтың, ұқыптылықтың және жауапкершіліктің үлгісін көрсетеміз. Таза ауыл, таза көше, таза аула – бәріміздің ортақ еңбегіміздің нәтижесі.
Сондықтан әрқайсымыз айналамызды таза ұстап, туған өлкеміздің көркеюіне өз үлесімізді қосайық. Тазалыққа деген жанашырлық – елге деген сүйіспеншіліктің белгісі.
Өз тілшіміз



