Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Тазалық – баршаға ортақ

Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтуы керек. Өйткені табиғат тіршіліктің құт-берекесі. Қоршаған ортаны таза ұстау – әр адамзаттың міндеті. Туған жер – әрбір адамның киелі мекені.

Ауылым Миялы жылдан-жылға көркейіп, ажарлана түсуде. Жолдар жөнделіп, ауызсу жүйесі тартылуда. Көшеттер отырғыызылып, саябақтар қатары толығып, халық саны да артып келеді. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, ауылымыздың аумағы кеңейе түсуде. Алайда өңірдің тазалығын сақтауға келгенде немқұрайдылық танытып жатқанымыз өкінішті-ақ. Тазалық – баршаға ортақ іс. Ауылымыздың таза да көрікті болуы әрқайсысымыздың жауапкершілігімізбен тығыз байланысты. Оған үлес қосу – әр тұрғынның міндеті деп білеміз.

 «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, мұны жергілікті әкімшіліктің, жауапты мекемелердің шаруасы деп қарамай, өзіміз тұратын үйдің төңірегін, көшемізді тазалап отырсақ, өңіріміз ажарлана түспей ме? Өйткені елдің мәдениеті, әдептілігі, жауапкершілігі, өзін-өзі сыйлауы тазалық шараларынан айқын көрініс табатындығы айдан анық. Тазалықпен айналысатын мекемелердің, ақылы қоғамдық жұмысшылардың күшімен көшелер тазаланып жатыр. Осыған қарамастан, сол көшелерді тұрғындар қайтадан ластауда. Ауласынан шығарылған қоқысты тазаланған арықтарға, өзен жағасына, одан қала берді кез келген жерге апарып төгетін жағдайлар жиі кездеседі. Ауылдың тазалығын сақтау – бүгiнгi күннiң басты талабы.

Ауылды таза ұстау мәселесi арнайы мамандарға да, ауыл тұрғындарына да жүктелген мiндет. Сондықтан әркім өзі тұрған көшесіне тазалық жұмыстарын жүргізсе, дер кезінде күл-қоқыстан арылтып, ағаш отырғызып жатса нұр үстіне нұр болар еді.

Әсел ҚОЖАХМЕТОВА,

ауыл тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT