Тазалықты таразылайтын көктем мезгілі де аяқталып, жаз басталды. Бүгінде тазалыққа мемлекет тарапынан айрықша мән беріліп жатқанымен, әлі де жұртшылық тарапынан немқұрайлылық байқалады.
Апта сайын ұйымдастырылып жатқан тазалық жұмыстарына тек мекеме қызметкерлері атсалысып жатқанымен көптеген тұрғын мән бермейді. Өз үйлерінің, қора-жайларының айналасын жиі-жиі тазалап тұрса, ауыл тазалығына үлкен үлес қосар еді. Кәсіпкерлер де санитарлық және абаттандыру ережелеріне сәйкес өз нысандарының айналасын таза ұстап, абаттандыруы керек. Жалпы өткізіліп жатқан сенбіліктерге барша ауыл тұрғыны да атсалысып, таза көше қалыптастыруға бір кісідей үлестерін қосса, нұр үстіне нұр болар еді. Тазалық бар жерде берекенің де тұрақтайтынын естен шығармаған жөн.
Сағат ЖҰМАЛИЕВ,
Миялы ауылының тұрғыны


