Еліміздің көркейіп, гүлденуі әрқайсымыздың тазалыққа деген көзқарасымыздан басталады.
Әр адам өз ауласын, көшесін, туған жерін таза ұстаса, еліміз көркейіп, өмір сүруге жайлы мекенге айналады. Табиғатты қорғау – тек сенбілікке шығумен шектелмейді. Ол күнделікті өмірден басталары анық. Қоқысты жерге тастамау, ағаш отырғызу, суды үнемдеу, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау мұның барлығы табиғатты аялау. Тазалық бар жерде денсаулық, тәртіп және береке болады. Сондықтан табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті.
Тойдық Мырзағалиева,
Миялы ауылының тұрғыны, зейнеткер



