Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТАЗА ЖЕРДЕ БЕРЕКЕ БАР

Жылдағы дәстүр бойынша көктем шығысымен әр аудандағы барлық ауылдық округте апта сайын сенбілік ұйымдасырылып, ауыл айналасын, көшелерді тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Нәтижесінде жыл басынан бері қаншама тонна қоқыс шығарылып, тиісті орынға тасымалданды. Алайда, сенбілікке шығатын тек мекеме қызметкерлері мен жастар ғана. Кейбір тұрғындар ғана өз көшелерінде тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, ауыл тазалығына үлес қосып келеді. Сонда ауыл тазалығы мекеме қызметкерлеріне ғана керек пе?!

Тазалыққа барша тұрғын атсалысуы қажет. Негізі тазалық әр ауладан басталуы тиіс. Таза қоғам мен тамаша экология әркімнің өз үйінен, өз ауласынан және күнделікті мәдениетінен басталады. Егер аулаң таза болса ауа тазарып, адамдардың, әсіресе денсаулығы жақсарады. Таза жерде береке болады. Сондықтан «Таза көше», «Таза аула» деге секілді акциялар ұйымдастырылса, ауылдың тазалығы тазалығы мен көркіне оң әсерін тигізері сөзсіз.

Ақниет ЖАНБОСИНОВ,

спорт ардагері, Сағыз ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT