Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТАЗА ТАБИҒАТ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Қарабау ауылдық кітапханасында «Таза табиғат – жарқын болашақ» тақырыбында сурет салу сағаты ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың маңызын насихаттау, табиғатты аялауға үндеп, жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара барысында қатысушылар табиғаттың әсемдігін, жасыл желекті қорғау идеясын және таза қоршаған ортаның адам өміріндегі маңызын өз қиялдары мен шығармашылық қабілеттері арқылы қағаз бетіне түсірді. Балалардың әрбір туындысынан туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жанашырлық айқын көрініс тапты.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ауыл жастары да қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, бекітілген аумақтарды қоқыстан тазартып, айналаны абаттандыруға өз үлестерін қосты. Олар ауылдың тазалығы мен көркін арттыруға бағытталған жұмыстарға атсалысып, экологиялық мәдениеттің үлгісін көрсетті. Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, туған жердің тазалығын сақтау сияқты маңызды құндылықтарды бойына сіңіруге ықпал етеді. 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT