Табиғатты қорғау тек бір күндік акциямен немесе сенбілікпен шектелмеуі керек.
Ол – әр адамның күнделікті өмір салтына айналуы тиіс маңызды құндылық. Қоршаған ортаны таза ұстау, қоқысты ретімен тастау, ағаш отырғызу, су мен электр қуатын үнемдеу сияқты қарапайым әрекеттердің өзі табиғатты сақтауға қосылған үлкен үлес. Табиғат – келер ұрпаққа аманат.
Сондықтан экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Табиғатты аялау арқылы біз өз денсаулығымызды, туған жеріміздің көркеюін және еліміздің жарқын болашағын қамтамасыз етеміз.



