Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Таза қоршаған орта – дені сау қоғам

 Ауыл тазалығы – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Таза ауыл – тұрғындардың денсаулығының кепілі әрі өскелең ұрпаққа үлгі болатын маңызды құндылық. Сондықтан көшелерді, қоғамдық орындарды және су жағалауларын таза ұстау – баршамыздың азаматтық міндетіміз.

Жаз мезгілінде тұрғындар өзен-көл жағасына демалуға жиі барады. Табиғат аясында демалғаннан кейін қоқысты жинап, арнайы орындарға тастау – қоршаған ортаға деген құрметтің белгісі. Су айдындарын ластамау, отты қауіпсіз пайдалану және табиғатқа зиян келтірмеу арқылы туған жеріміздің көркін сақтай аламыз. Әрбір азамат тазалық мәдениетін күнделікті өмір салтына айналдырса, ауылымыз да, табиғатымыз да таза әрі көрікті болады. Таза қоршаған орта – дені сау қоғамның және жарқын болашақтың негізі.

Сандугаш Ерғалиева,

Ойыл ауылының тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT