Таза Қазақстан – бұл тек экологиялық бастама ғана емес, ол – әрбір азаматтың өмір салты мен жауапкершілігін айқындайтын маңызды ұғым. Қоршаған ортаның тазалығы – халық денсаулығының, елдің өркендеуінің және келер ұрпақтың жарқын болашағының негізі. Бүгінде елімізде тазалық пен көгалдандыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылып келеді.
Ауыл-аймақтарда сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер мен қоғамдық орындар тазартылуда. Бұл игі істерге тұрғындардың белсенді қатысуы – қоғамның экологиялық мәдениетінің қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Әр адам күнделікті өмірінде табиғатты аялауды әдетке айналдыруы тиіс. Қоқысты кез келген жерге тастамау, табиғатты ластамау, жасыл желекті күтіп-баптау – бұл баршамызға ортақ міндет. Таза Қазақстан – бұл бір күндік жұмыс емес, ол – үздіксіз жүргізілетін ортақ іс. Егер әрбір азамат өз айналасының тазалығына жауапкершілікпен қараса, еліміз көркейіп, өмір сүруге қолайлы мекенге айналары сөзсіз. Сондықтан, таза орта – өзімізден басталатынын ұмытпайық.
Клара МАРДАНОВА, зейнеткер


