«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің тазалығы мен көркеюіне және азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.
Тазалық – бір күндік сенбілікпен шектелетін жұмыс емес. Ол әр адамның күнделікті әдетіне айналуы керек. Өз ауламызды, көшелерімізді таза ұстап, қоқысты белгіленген орынға тастау, табиғатты аялау – туған жерге деген құрметтің нақты көрінісі.
Кәмшат Әбіш



