«Таза Қазақстан» акциясының басты ерекшелігі – тазалықты бір реттік науқан ретінде емес, күнделікті өмір салтына айналдыру. Әр тұрғын өз ауласын таза ұстап, қоқысты белгіленбеген жерге тастамай, қоғамдық орындарға ұқыпты қараса, ауданның жалпы келбеті де өзгере түседі.
Таза көше, жинақы аула, көрікті орта – елді мекеннің мәдениеті мен тұрғындардың жауапкершілігін көрсетеді. Тазалық – тек қоршаған ортаны қорғау емес, ол әр адамның туған жеріне деген құрметінен басталады. Сондықтан барша тұрғындарды тазалықты сақтауға, айналамызды таза ұстауға және «Таза Қазақстан» бастамасына белсенді үлес қосуға шақырамыз.



