Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Таза Қазақстан» – тазалық мәдениеті әрқайсымыздан басталады

«Таза Қазақстан» – бір күндік сенбілікпен шектелмейтін, әр азаматтың өмір салтына айналуы тиіс маңызды экологиялық бастама. Оның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Туған жердің тазалығы – ортақ жауапкершілік. Өз ауламызды таза ұстау, көшеге қоқыс тастамау, табиғатқа жанашырлықпен қарау және қоғамдық орындардың тазалығын сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Осындай қарапайым әрекеттер арқылы біз қоршаған ортаның көркеюіне үлес қосып, өскелең ұрпаққа үлгі көрсетеміз. Тазалық – тек әдемі ортаның көрінісі емес, ол мәдениеттілік пен жауапкершіліктің белгісі.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT