Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Таза Қазақстан – таза болашақтың кепілі!

Қоршаған ортаның тазалығы – елдің көркеюінің, тұрғындардың денсаулығы мен өмір сапасының басты көрсеткіштерінің бірі. Таза көше, көрікті ауыл мен жасыл желекке бөленген өңір – әрбір азаматтың туған жеріне деген жанашырлығының айқын көрінісі. Осы мақсатта елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамаға айналды.

Бүгінде аталған акция аясында өңірлерде ауқымды сенбіліктер өткізіліп, көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, ағаш көшеттері отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстардың барлығы туған жердің көркеюіне, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 Дегенмен тазалық бір күндік шарамен немесе сенбілікпен ғана шектелмеуі тиіс. Қоршаған ортаны таза ұстау – әр адамның күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Көшеге қоқыс тастамау, табиғатты ластамау, ағаштарды қорғау және қоғамдық орындарды күтіп ұстау – әрбір азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігін көрсетеді. «Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – адамдарды ортақ іске жұмылдырып қана қоймай, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру.

 Себебі табиғат – келер ұрпаққа аманат. Бүгінгі атқарылған әрбір игі іс ертеңгі ұрпақтың таза әрі көркем ортада өмір сүруіне негіз болады. Таза қоршаған орта – халық денсаулығының кепілі, ал табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Сондықтан әрбір азамат қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Гүлмира Мақсотқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT