Таза Қазақстан – әрқайсымыздан басталады. Акция қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендерді абаттандыруға және тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.
Туған жердің тазалығы мен көркейуі – баршамызға ортақ міндет. Акция аясында ауыл-аймақтарда сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер, жол жиектері, мекеме аумақтары тазартылып, қоқыстар арнайы орындарға шығарылуда. Бұл жұмыстарға мекеме қызметкерлері, жастар және ауыл тұрғындары белсенді қатысып, өз үлестерін қосуда. Біз акция аясында қоршаған ортаны ғана емес, туған жерге деген жанашырлық пен жауапкершілікті де қалыптастырамыз. Таза ауыл – тұрғындардың мәдениеті мен ұйымшылдығының көрінісі.
Фархат Амангелдіұлы,
Ойыл ауылының тұрғыны



