Қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – баршаға ортақ міндет. Осы бағытта Қызылқоға ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Акция барысында ауыл көшелері, саябақтар мен қоғамдық орындар тазартылып, жол жиектері қоқыстан арылтылуда. Игі іске мекеме қызметкерлері, жастар және ауыл тұрғындары белсенді қатысып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосуда.
Тазалық – бір күндік науқан емес, күнделікті өмір салты. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатқа жанашырлықпен қарау және кейінгі ұрпаққа көрікті мекен қалдыру – әр азаматтың азаматтық жауапкершілігі. Таза аудан – ортақ еңбектің нәтижесі.




