«Таза Қазақстан» акциясы – еліміздің экологиялық ахуалын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға және халықтың тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Бұл акция аясында республика көлемінде сенбіліктер ұйымдастырылып, елді мекендер мен қоғамдық орындарда тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Акцияның басты мақсаты – табиғатты аялау, қоршаған ортаны ластамау және әр азаматтың туған жеріне деген жауапкершілігін арттыру. Тазалық – тек бір күндік шара емес, ол – күнделікті өмір салтына айналуы тиіс маңызды құндылық. Осы бағытта тұрғындар, еріктілер, мекеме қызметкерлері белсенді түрде атсалысып, өз үлестерін қосуда. «Таза Қазақстан» акциясы барысында көшелер, саябақтар, жол жиектері, су арналары мен ауыл маңайы қоқыстан тазартылып, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары да қатар жүргізіледі. Мұндай игі істер халықтың бірлігін нығайтып, ортақ іске жұмыла білуіне ықпал етеді. Қоршаған ортаның тазалығы – адам денсаулығының кепілі. Сондықтан әрбір азамат тазалықты сақтауды өзінен бастап, туған жерінің көркеюіне үлес қосуы қажет.
«Таза Қазақстан» акциясы – жарқын болашаққа бастар маңызды қадам. Тазалықты сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз!
Жексен ҚАПЕЗ, ардагер




