«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің тазалығын сақтауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.
Бұл акцияның басты мақсаты – табиғатты аялау, туған жердің көркеюіне әр азаматтың үлес қосуына ықпал ету. Тазалық – тек сенбілік өткізумен шектелмейді. Күнделікті өмірде қоқысты белгіленген орынға тастау, ағаш отырғызу, жасыл желекті күтіп-баптау және қоғамдық орындарды таза ұстау – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
«Таза Қазақстан» – барша халықты ортақ іске жұмылдыратын игі бастама. Осындай жұмыстарға белсенді қатысу арқылы біз табиғатты сақтап қана қоймай, келешек ұрпаққа таза, көрікті әрі жайлы Қазақстанды мұра ете аламыз.
Клара АМИРОВА



