«Таза Қазақстан» – бір реттік акция немесе сенбілік емес. Бұл – ұзақ мерзімді көзқарас пен қоғамдық келісімді талап ететін процесс.
Мемлекет деңгейінде заңнаманы жетілдіру, инфрақұрылымды дамыту және бақылау тетіктерін күшейту маңызды болса, қоғам деңгейінде әр азаматтың жеке жауапкершілігі шешуші рөл атқарады. Бастаманың негізгі мақсаты қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру, экологиялық мәдениетті арттыру, жастар мен балалардың экосанасын дамыту.



