Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Таза Қазақстан – ауылдан басталады

 Таза Қазақстан – әрбір азаматтың саналы таңдауы мен жауапкершілігінің көрінісі. Әсіресе ауыл тазалығы – елдің көркеюінің, мәдениетінің және тұрғындардың бірлігінің айқын белгісі.

Ауыл ішіндегі тазалықты сақтау тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, әрбір тұрғынның күнделікті әдетіне айналуы тиіс. Көшелерді қоқыстан арылту, ауланы күтіп ұстау, табиғатты ластамау – бұл қарапайым, бірақ маңызды әрекеттер. Осындай игі істер арқылы біз өскелең ұрпаққа үлгі көрсетеміз.

«Таза Қазақстан» бастамасы – тек сенбіліктермен шектелетін науқан емес, ол – өмір салты. Егер әрбір азамат өз ауласынан бастап тазалықты сақтаса, ауылымыз да, еліміз де көркейе түседі. Тазалық бар жерде – тәртіп, ал тәртіп бар жерде – даму бар. 

Айнұр НҰРҒАЛИЕВА,

ауыл тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT