Миялы округі бойынша ауыл тазалығын сақтау және аумақты абаттандыру мақсатында кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында ауыл көшелері, қоғамдық орындар, жол жиектері мен ауыл маңындағы аумақтар тазартылып, жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы орындарға шығарылды. Сонымен қатар, қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасына округ аумағындағы мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары белсенді қатысып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосты. Бірлік пен ауызбіршіліктің арқасында ауылдың келбеті жаңарып, тұрғындарға жайлы әрі таза орта қалыптастыруға мүмкіндік жасалды.
Тазалық – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Сондықтан туған жеріміздің тазалығын сақтау – баршамыздың ортақ парызымыз.


