“Таза Қазақстан” акциясы – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Бұл акция елді мекендердің тазалығын сақтауға, табиғатты қорғауға және халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға зор үлес қосып келеді.
Акция аясында көшелер, саябақтар мен қоғамдық орындар тазартылып, ағаш көшеттері отырғызылып, қоршаған ортаны абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Таза қоршаған орта – адам денсаулығы мен өмір сапасының негізі. Сондықтан табиғатты аялау, қоқысты бей-берекет тастамау, туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың міндеті.
«Таза Қазақстан» бастамасы қоғамды ортақ іске жұмылдырып, экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді. Осындай игі шараларға белсенді қатысу арқылы біз келер ұрпаққа таза әрі көркем табиғатты сақтап қаламыз.
Таза ел – дені сау ұлттың, жарқын болашақтың кепілі.
Замзагүл Балабаева,
ауыл тұрғыны



