Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Таза ауыл – жарқын болашақ»

Туған жердің тазалығы – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Ауылдың көркі – оның таза көшесі, көгалданған ауласы мен табиғаты. Бұл – тек бүгінгі ұрпақ үшін емес, келешек ұрпаққа қалдыратын аманат. Ауыл ақсақалдары мен үлкендері табиғатты аялау – ата-бабадан келе жатқан қасиетті дәстүр екенін үнемі айтып келеді.

«Бір тал кессең, он тал ек», «Бұлақ көрсең – көзін аш» деген нақыл сөздер табиғатқа жанашырлықпен қараудың маңызын білдіреді. Олар жастарды туған жерді қадірлеуге, қоршаған ортаны ластамауға, тазалықты сақтауға үндейді. Үлкендердің айтуынша, таза ауыл – тұрғындардың мәдениеті мен бірлігінің көрінісі. Әр адам өз ауласын, көшесін таза ұстап, сенбіліктерге белсене қатысса, ауылымыздың ажары артып, өмір сүруге қолайлы мекенге айналады. Табиғатты қорғау – болашаққа жасалған қамқорлық. Сондықтан ауылымыздың әрбір тұрғыны туған жердің тазалығын сақтап, кейінгі ұрпаққа көркейген, гүлденген ауылды аманат етуге үлес қосуы тиіс. Таза ауыл – жарқын болашақтың кепілі.

Қанатқали КАРИМОВ,

Тайсойған ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының Таза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT