Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Таза ауыл – жарқын болашақ кепілі

Елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ауыл-аймақ тұрғындарының бірлігін, туған жерге деген сүйіспеншілігін айқын көрсететін игі шараға айналды.

Бұл акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қоқыстан арылтып қана қоймай, ауылдың тазалығын сақтау мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпаққа табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіру. Акцияға Ойыл ауылдық округі де белсене қатысып, ауыл тұрғындарымен түрлі «Жасыл желек», «Таза жағалау», «Жасыл сапар» тағы сол сияқты сенбіліктер ұйымдастырылып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте, ауыл тұрғындары, жастар мен оқушылар, мекеме қызметкерлері жаппай сенбілікке шығып, көшелерді, саябақтарды, су арналарының маңын қоқыстан тазартты. Әсіресе, көпшіліктің бас біріктіріп, туған жердің көркеюіне үлес қосуы – үлкен тәрбие мектебі. Тазалық – тек қана қоршаған ортаны қоқыстан арылту емес, ол – әрбір азаматтың санасына сіңетін мәдениет.

Біздің ауылымыздың болашағы жарқын, көшелері таза, табиғаты көркем болуы – өз қолымызда. «Таза Қазақстан» акциясы арқылы ауыл тұрғындары табиғатты қорғау – әркімнің міндеті екенін тағы бір дәлелдеді. Осындай игі бастамалар елді мекендердің ажарын ашып қана қоймай, жас ұрпаққа экологиялық жауапкершілік пен туған жерге сүйіспеншілікті дәріптейді.

Талғат ҚАЛИ, 

ауыл тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT