Тазалық әр үйден басталады Ауыл тазалығы – бір адамның емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі.
Әр тұрғын өз үйінің ауласын таза ұстап, қоғамдық орындарға қоқыс тастамай, табиғатты қорғауға атсалысуы қажет. «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы игі істер үздіксіз жалғасып, тазалық әрбір азаматтың күнделікті дағдысына айналуы тиіс. Ауылым таза болса, көңіліміз де таза, болашағымыз да жарқын болады




