Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Табиғатты қорғау – әр адамға ортақ міндет

Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың туған жеріне деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігінің көрінісі.

Қоршаған ортаның тазалығы, өзен-көлдердің сақталуы, ағаш отырғызу және айналаны таза ұстау – болашақ ұрпаққа қалдыратын ең үлкен мұрамыз.

Сондықтан табиғатты қорғау тек мемлекеттік органдардың ғана емес, барша қоғамның ортақ міндеті. Бүгінде елімізде жүзеге асырылып жатқан экологиялық бастамалар мен «Таза Қазақстан» акциясы халықтың табиғатқа деген жанашырлығын арттыруға ықпал етуде. Осындай игі істерге әрбір тұрғын белсенді қатысып, туған өлкесінің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосуы қажет. Табиғатқа жанашырлық – өркениетті қоғамның белгісі.

Сондықтан әрқайсымыз қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, табиғатты қорғауды күнделікті өмір салтына айналдырсақ, еліміздің экологиялық ахуалы жақсарып, келешек ұрпаққа таза әрі көркем өлке қалдырамыз.

 Айнұр НҰРҒАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT