Ауылдың тазалығы – әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Туған жердің көркейіп, таза әрі жайлы болуы ең алдымен қоршаған ортаға деген жауапкершіліктен басталады. «Таза ауыл – жарқын болашақ» деген ұстаным осыны мақсат етеді.
Ауыл үлкендері табиғатты қорғау мен туған жерді қадірлеудің маңызын әрдайым кейінгі ұрпаққа айтып келеді. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген халық даналығы табиғатты аялаудың мәнін көрсетеді. Үлкендердің өмірлік тәжірибесі мен өнегесі – жас ұрпақ үшін үлкен тәрбие мектебі.
Қоршаған ортаны ластамау, көшелер мен аулаларды таза ұстау, ағаш отырғызу, су мен табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану – әр азаматтың парызы. Тазалықты тек сенбілік кезінде емес, күнделікті өмір салтына айналдыру қажет.
Бүгінгі жас ұрпаққа таза әрі көркейген ауыл қалдыру – баршамызға ортақ жауапкершілік. Үлкендердің табиғатты қорғауға деген көзқарасы кейінгі буынға үлгі болып, жақсы дәстүр жалғасын тапса, ауылымыздың болашағы да жарқын болмақ. Таза ауыл – таза орта, ал таза орта – дені сау, саналы ұрпақтың кепілі.
Аязбай ОРАЗОВ,
Жангелдин округі бойынша ардагерлер
кеңесінің төрағасы




