Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Табиғатты аялау – ұрпақ алдындағы аманат

Табиғатты қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы. Біз аға буын өкілдері туған жердің тазалығын сақтап, табиғатты аялауды әрдайым кейінгі ұрпаққа өнеге етіп келеміз.

Себебі табиғат – елдің баға жетпес байлығы, ал оны көздің қарашығындай сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Мемлекет қолға алған «Таза Қазақстан» акциясы – елдің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды әрі игілікті бастама.

Бұл акция халықты бірлікке, жауапкершілікке және туған жерге жанашырлықпен қарауға үндейді. Осындай шаралар арқылы жастардың табиғатқа деген құрметі артып, тазалық мәдениеті берік орнығады деп сенемін.

Таза ауыл, таза көше, таза қоршаған орта – әр адамның өзінен басталады. Сондықтан әрбір азамат туған жерінің тазалығына бейжай қарамай, табиғатты қорғауға өз үлесін қосуы қажет. Сонда ғана біз келер ұрпаққа көркейген, жасыл желекке бөленген, экологиялық тұрғыдан таза Қазақстанды аманат ете аламыз.

Тілек Қалиев, ардагер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT