Елімізде қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру мақсатында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы жалғасын табуда.
Табиғатты аялау – әр азаматтың борышы, ал ата-аналардың белсенді үлгі көрсетуі жас ұрпақтың туған жеріне деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді. Сондықтан әрбір тұрғын қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосып, ауылымыздың экологиялық ахуалын жақсартуға атсалысайық.
Бауыржан ӘБДІЛДИЕВ,
Миялы ауылының тұрғыны




