Табиғат - бәріміздің ортақ үйіміз. Қазіргі кезде табиғат бізден үлкен көмек күтуде. Өз туған ауданымыздың, ауылымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін жерді дұрыс пайдаланып, жасыл желек, өсімдіктерді молайтып, суымызды ластамай табиғатымызды аялайық, сақтайық.
Оны таза күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету – біздің парызымыз. Әрбір азамат табиғат алдында өзін жауапты, барлық жануарды киелі санап, өзен, көл жағалауларын таза ұстап, бұлақ көрсе көзін ашуын, жастайынан балалардың санасына сіңіріп, бойларын жақсылыққа үйреткен.
Сондықтан халқымыз “ Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі” деп дәріптеген. Табиғатты қорғау қарапайым дүниеден басталады деп ойлаймын. Мәселен, жас ұрпақты табиғатты қорғауға тәрбиелеу әр отбасынан басталуы керек. Сол себепті, табиғатқа жанашыр болу әр адамның міндетті борышы екенін ұмытпағанымыз абзал.
Қанатқали КӘРІМОВ,
Тайсойған ауылдық ардагерлерің ұйымының төрағасы



