Табиғат - бәріміздің ортақ үйіміз. Қазіргі кезде табиғат бізден үлкен көмек күтуде. Өз туған ауданымыздың, ауылымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін жерді дұрыс пайдаланып, жасыл желек, өсімдіктерді молайтып, суымызды ластамай табиғатымызды аялайық, сақтайық.
Оны таза күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету – біздің парызымыз. Әрбір азамат табиғат алдында өзін жауапты, барлық жануарды киелі санап, өзен, көл жағалауларын таза ұстап, бұлақ көрсе көзін ашуын, жастайынан балалардың санасына сіңіріп, бойларын жақсылыққа үйреткен. Сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген.
Қанатқали КӘРІМОВ,
Тайсойған ауылдық ардагерлерің
ұйымының төрағасы



