«Таза Қазақстан» — бұл жай ғана акция емес, бұл — тазалыққа, тәртіпке және туған жерге деген құрмет. Әр адам өз үйінің ауласын, көшесін, ауылын таза ұстаса, еліміз де көркейе түседі.
Тазалық — мәдениеттің айнасы, ал таза ортада береке мен тәртіп болады. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау — баршамызға ортақ міндет. Осындай игі бастамалар арқылы жастарды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және елін сүюге тәрбиелейміз. «Таза Қазақстан» — болашақ үшін жасалған маңызды қадам. Туған жерімізді таза ұстап, табиғатты аялау — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
Мереке АҚСЕРЕНОВ,
Ойыл ауылдық округінің тұрғыны


