Тазалық – өмір айнасы, иманның жартысы. Бір сөзбен айтқанда, елдің мәдениеті, әдептілігі, жауапкершілігі, өзін-өзі сыйлауы тазалық шараларынан айқын көрініс береді. Ол болмаған жерде бейберекетсіздік орын алады. Шындығында ауылдың тазалығы кімге керек?
Тазалық – тек әкімдіктің немесе мекеме қызметкерлерінің ғана емес, барша тұрғынның ортақ міндеті. Оны сақтау қоршаған ортаны қорғап қана қоймай, тұрғындардың денсаулығы мен ауылдың көркіне тікелей әсер етеді. Сондықтан әркім өзі жұмыс істейтін мекемесінің немесе тұғын үйінің айналасын таза ұстап, ауыл көшесіне қамқорлық танытып, табиғатқа қамқорлықпен қарайық.
Тілектес ӘУЕЛБАЕВА,
Жамансор елді мекенінің тұрғыны



